Зәйтүн өсірушілер АҚШ тарифінің өсуінен бизнестері дағдарысқа ұшырауы мүмкін деп шағымданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зәйтүн өсірушілер АҚШ тарифінің өсуінен бизнестері дағдарысқа ұшырауы мүмкін деп шағымданды

17.10.2019

Испанияда зәйтүн өсіруші шаруалар АҚШ тарифтерінің өсуінен бизнестерінің дағдарысқа ұшырауы мүмкін екеніне шағымданып отыр. Сонымен қатар әлем бойынша зәйтүн майының бағасы күрт төмендеп, жағдайды тіптен қиындатпақ. Ал елдің оңтүстігінде мыңдаған отбасы осы кәсіптің арқасында күн көріп отыр.

АҚШ президенті Дональд Трамп еуропалық бірқатар тауарларға 25 пайыздық импорт салығын салатынын айтқан еді. Соның ішінде Испанияның зәйтүн майы, француз шарабы және шотландиялық виски де бар.

Тарифтердің көтерілуінен тауар өндірушілер бәсекеге төтеп бере алмай, банкротқа ұшыраудан қорқады. Дегенмен Еуропа Одағы АҚШ-пен келіссөз жүргізіп, ортақ шешімге келмеген жағдайда оған қарсы жауап қайтаратынын айтты.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу