Мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлық мәселесі көтерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлық мәселесі көтерілді

17.10.2019

Соңғы 2 жылда мемлекеттік сатып алу саласында 500-ге жуық сыбайлас жемқорлық қылмысы анықталды. Ең көбі құрылыс нысандарын салу бойынша тіркеліп отыр. 140 факті. Қалған салаларда да былық жетерлік. Бірақ одан қорқатын шенеунік жоқ. Мысалы, Ақтау қалалық сатып алулар басқармасы басшысы мен қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке 25 рет тартылған. Әйтсе де жұмыстарында әлі жүр. Себебі әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 207-бабына сәйкес өкілетті тұлға 10 күн ішінде заң бұзушылығын өз бетінше жоя алады. Мамандар: «Мемлекеттік сатып алулар бойынша 3 дербес заң қабылданып, жыл сайын түзетулер енгізілсе де проблема түбегейлі шешілмей келеді»,-дейді. Бұл әрине бизнестегі бәсекелестікті тежеп, кәсіпкерліктің дамуына кері әсер етіп отыр.

Айгүл Соловьева, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау қоғамдық кеңесінің мүшесі:

Мемлекеттік сатып алуларды 23 жыл бойы қарап келеміз. Бірақ оның өзгермеуіне тұжырымдамалық негізі бардай. Оның бағыттары – бағасы, біліктілік талаптары. Міне, біз соған өзгерістер енгіздік. Әйтсе де, шағым көп, жемқорлық тиылмады. Ендігі жерде талдау жасалып, басқа қырынан қаралуы тиіс.

Нысаналы ЫҒЫЛ


Хабарламаларға жазылу