Елордада құрылыс саласының қарқынды дамуына кедергі келтіретін мәселелер сөз болды. «Қазақстан құрылысшылар одағы» мен «Атамекен» палатасы ұйымдастырған жиында жыл бойғы көшпелі кездесулердің қорытындысы шығарылды. Қазақстандық құрылыс компанияларының дамуын көбіне-көп еңбек ресурстарының аздығы, инженерлік желілер мен жер телімдерінің болмауы, мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі кемшіліктер тежеп тұрады екен. Еліміздің барлық өңірін аралап шығып, құрылысшылардың мәселелеріне құлақ асқан Одақ енді осы олқылықтарды жоюдың амалын іздемекші.
Талғат Ерғалиев, «Қазақстан Құрылысшылар Одағы» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасы:
Ең маңызды мәселе — қандай кедергілер бар, соларды жою. Осы саладағы кемшіліктерді жою. Соларды азайту. Негізі, сол кәсіпкерліктің, құрылыс саласының дамуына қуат беру.
Альбина ӘШІМ