Президент Чех Республикасы Депутаттар палатасының төрағасы Р.Вондрачекті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Чех Республикасы Депутаттар палатасының төрағасы Р.Вондрачекті қабылдады

17.10.2019

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Чех Республикасы Депутаттар палатасының төрағасы Радек Вондрачекпен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Чехия арасындағы қатынастары жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар Қазақстан – Еуропалық одақ, Орталық Азия – Еуропалық одақ және Орталық Азия – Вышеград төрттігі сынды көпжақты форматтағы ықпалдастық мәселелерін талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Біздің кездесулеріміз сіздің мемлекетіңіздің тарихындағы айшықты оқиғаларымен тұспа-тұс келіп отыр. Атап айтқанда, барқыт төңкерісінің 30 жылдығымен, Чехияның НАТО-ға кіруінің 20 жылдығымен және алдағы Республика күнімен құттықтаймын. Қазақстанның Еуропалық одақтағы маңызды саяси әрі экономикалық серіктесі Чехиямен өзара байланыстарды одан әрі дами береді деп сенемін.

Радек Вондрачек, Чех Республикасы Депутаттар палатасының төрағасы:

Ең әуелі жылы қабақ танытып қабылдағандарыңыз үшін үлкен алғыс айтамын. Қазақстандағы жүзеге асырылып жатқан реформаларды өте жоғары бағалаймын. Чех Республикасының өкілі ретінде елдеріміз арасында достық және дәстүрлі ынтымақтастық рухында дамып келе жатқан өте тығыз әрі терең қатынастарды растауға мүмкіндік алғаныма қуаныштымын.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу