«Малефисента: Түнек әміршісі» қазақ тілінде прокатқа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Малефисента: Түнек әміршісі» қазақ тілінде прокатқа шықты

17.10.2019

«Малефисента: Түнек әміршісі» қазақ тілінде сөйледі. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында әлемдік картинаның қазақ тілінде дубляждалған алдын ала көрсетілімі өтті. Бұл - отандық кинопрокатқа мемлекеттік тілде шыққан 32-ші фильм. 

Туынды «Болашақ» корпоративтік қоры мен «Меломан» компаниясының бастамасымен, «Nur Otan» партиясының қолдауымен «Өзіңнен баста» жобасы аясында дубляждалды. Бұл әлеуметтік жоба Голливуд фильмдерін қазақы аудиторияға жеткізуді мақсат етеді. Ал кино – Түнек перизаты мен болашақ патшайымның арасында сиқырлы орманды қорғау барысында пайда болатын күрделі қарым-қатынаспен өріледі. 

Армангүл Тоқтамұрат

Хабарламаларға жазылу