Қорғаныс министрлігі оқу-жаттығу кезінде қолынан айырылған әскери қызметкер туралы айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қорғаныс министрлігі оқу-жаттығу кезінде қолынан айырылған әскери қызметкер туралы айтты

16.10.2019

ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-майор Әділбек Алдабергенов жазда «Бекет ата» оқу полигонында жарылған гранатадан жарақат алған екі сарбазға қатысты ақпарат берді. Сонымен бірге, 2019 жылғы 23 шілдеде әртүрлі деңгейдегі жауапты командирлердің тарапынан қызметтік міндеттерді тиісті орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны да хабарланды.

Әділбек Алдабергенов, ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары:

Ешқандай бұйрықсыз, басқа оқу нүктесіне қойылған оқ-дәріге жақындап, Ф1 гранатасын өз бетінше қолына алды. Тұтандырғышын бұрап, гранатаны жарғыш мұрындығын тартып, оның тетігін іске қосты, дыбысын естіп «Тадиран» радиостанциясының астына салып жіберді. Жарылыс нәтижесінде радиостанция маңындағы қатардағы жауынгерлер С. Кошелев пен Б. Жаманбаев жарықшақтардан жараланған, гранатаның жарылу фактісі бойынша ҚР ІІМ Әкери-тергеу басқармасымен бірден қылмыстық іс қозғалды. Тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу