Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық банк басқармасының Банктерді қадағалау департаменті басшысының орынбасары Әнуар Ізбасаров мәлімдеді. Оның сөзінше, аталған қаржылық ұйым төлем және аударым операцияларын дұрыс орындамағаны үшін лицензиясынан айырылған еді. Енді, сот тарату комиссиясын тағайындағанға дейін құрылым қызметін уақытша әкімшілік атқарады. Сондықтан, банк салымшылары үшін алаңдауға еш негіз жоқ. Себебі, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының қаражаты есебінен өтемақы төленеді.
Нұрлан АСҚАРҰЛЫ