Ұлыбританияда экобелсенділер шерулге шығып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда экобелсенділер шерулге шығып жатыр

15.10.2019

Британия полициясы Лондонда климат жанашырларына наразылық акцияларын өткізуге тыйым салды. Дегенмен бұған бағынбаған экобелсенділер әлі де шеруге шығып жатыр. Extinction Rebellion қозғалысының негізін қалаушылардың бірі Гейл Брэд-брук Британияның көлік министрлігі алдында наразылық білдірді. Оның айтуынша, жүрдек пойыз теміржолын салу жобасы табиғатқа орасан зиян тигізбек. Тәртіп сақшылары көп ұзамай оны тұтқындаған. Айта кетсек, әлем бойынша қоршаған орта жанашырлары екі апталық «азаматтық бағынбаушылық» уақытын жариялап, шерулетіп жатыр. Олар биліктен климаттың өзгеруіне қарсы нақты шара қолданып, табиғатты сақтауды талап етеді. Сол акцияның алғашқы аптасында Британияда полиция 1500-ға жуық демонстрантты ұстаған.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу