Олар – канадалық Маргарет Этвуд пен британиялық Бернардина Эваристо.
Этвуд осы жолы «Өсиет» деген туындысы үшін құнды жүлдеге қол жеткізді. Бұл – оның екінші «букері». Қаламгер дәл осы сыйлықты 2000 жылы «Соқыр қаныпезер» кітабы үшін алып, одан кейін үміткерлер тізіміне төрт рет іліккен.
Ал, Эваристоға Букер «Қыз, әйел және тағы басқалар» романы үшін берілді. Ол - алғашқы қара нәсілді лауреат.
Құны 63 мың долларлық жүлде 1993 жылдан бері тек бір адамға ғана тағайындалды. Бірақ, қазылар алқасы биыл бұл ережемен келіспейтіндерін айтып, екі авторды марапаттау туралы шешім қабылдаған.
Арыстан РЫСБЕК