Жапонияда «Хагибис» тайфунынан қаза тапқандар саны 68-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жапонияда «Хагибис» тайфунынан қаза тапқандар саны 68-ге жетті

15.10.2019

Тағы 200 шақтысы жараланған. Сонымен қатар, із-түссіз жоғалған 15 адам әлі іздестіріліп жатыр. 

Дүлей дауыл мен нөсер жауын елдің 8 префектурасына соққы берді. Олардың ішінде аса зардап шеккендері – Нагано мен Фукусима. Рекордтық мөлшерде түскен жауын-шашыннан 20 шақты өзен арнасынан тасып, мыңдаған үйді су басты. Жолдар шайылып, лай көшкіні жүрген. Сондықтан қауіпті аудандардан эвакуацияланған адамдар уақытша орталықтарға орналастырылып жатыр.

«Хагибис» – соңғы 60 жылда Жапонияға соққы берген ең жойқын тайфун. Ел премьер-министрі Синдзо Абэ табиғи апатқа байланысты барлық шара қолданылып, тұрғындарға көмек көрсетілетінін айтты. 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу