Елордада кітап алмасу күні өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада кітап алмасу күні өтеді

15.10.2019
Елордада кітап алмасу күні өтеді

26 қазанда елордадағы №5 балаларға арналған кітапханада кітап алмасу күні өтеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.

Кітап алмасу сағат 12:00 мен 13:00 аралығында өтеді. Кітап тапсырған адамға олардың саны көрсетілген билет беріледі.

Шараға көркем әдебиет (классика және қазіргі заманғы әдебиет), балалар мен жасөспірімдер әдебиеті, психология, философия, өз-өзін дамыту бойынша кітаптар, іскерлік әдебиеттерді әкелуге рұқсат етілген. Ал арнайы салаға қатысты әдебиет, ғылыми әдебиеттер, энциклопедиялар, ұқыпты ұсталмаған кітаптарды әкелуге болмайды.

Хабарламаларға жазылу