Елбасы Бакуде өтетін Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммитіне қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Бакуде өтетін Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің саммитіне қатысады

14.10.2019

Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы бүгін Әзірбайжан астанасы Бакуге ұшып барды. Нұрсұлтан Назарбаевты бауырлас ел құшақ жая қарсы алды. Тұңғыш Президент ертең Бакуде өтетін Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің 7-ші Саммитіне қатысады. Ұйымға мүше мемлекет басшылары Түркі әлеміндегі ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқыламақ. Биылғы саммиттің орны бөлек. Түркі кеңесін құру туралы Нахычеван келісіміне қол қойылғанына 10 жыл. Айта кетейік, бауырластық байланысқа бағытталған ұйымды құру идеясын алғаш Нұрсұлтан Назарбаев көтерген болатын.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу