Алматыда «Ардагерлерімізді ардақтайық» акциясы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Ардагерлерімізді ардақтайық» акциясы өтіп жатыр

14.10.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келер жыл елімізде Еріктілер жылы болатындығын айтты. Осыған орай Алматыда ерекше еріктілер тобы құрылды.

Олар қаладағы қарт кісілер мен зейнет жасындағы азаматтарға көмектеседі. Медеу аудандық әкімдігі мен жоғары оқу орындарының 100 студенті «Ардагерлерімізді ардақтайық» акциясын бастап кетті. Зейнеткерлерді оқу орнына арнайы шақырып, Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етті. Ал айдың аяғына дейін аймақтағы басқа да ардагерлердің үйіне барып, шаруашылығына жәрдем бермек. Қарияларға рухани қолдау көрсетіп, үйін, ауласын тазалау сияқты жұмыстарды істейді.

Айдос Нұрлыбаев, Медеу ауданы әкімінің орынбасары:

Қазан айы Қарттар айы болып жарияланған. Соған байланысты біз осы қазан айының аяғына дейін 27 мың зейнеткерімізге құттықтау хаттарын жеткіземіз деген ойдамыз. 

Амангелді Сейітхан

Хабарламаларға жазылу