Соңғы жылдары Моңғолияға саяхаттаушылардың саны көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Соңғы жылдары Моңғолияға саяхаттаушылардың саны көбейген

13.10.2019

Соңғы жылдары Моңғолияға саяхаттаушылар көбейген. Оларды сол жердегі қазақтардың да өмірі, салт-дәстүрі, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан құсбегілік өнер қызықтырады.

Тамыздың соңында АҚШ президенті Трамптың ұлы мен немересі Баян-Өлгий аймағына қыдырып барып, 1 апта бойы қазақтың киіз үйінде тұрды. Олар алған әсерімен әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен-ді.

Трамптарды қонақ қылып күткен Жандос Қоңтарбай есімді қазақ азаматы екенін кейін Тенгриньюс порталы жазды. 3 баласы бар 33 жастағы Жандос әйелі екеуі америкалықтар мен еуропалықтарға көшпенділер өмірін көрсетіп бизнес жүргізіп отыр. Жандос АҚШ президентінің баласы мен немересіне әсіресе үй қаймағы, шелпек, қуырдақ көбірек ұнағанын айтқан. Айтпақшы еліміздің шенеуніктері Жандоспен кездесіп, туризм саласында бірігіп жұмыс істеуге ұсыныс жасаған.

Осы аптада Моңғолияның Баян-Өлгий аймағында бүркітшілер сайысы өтті.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу