Балаңыз есірткі саудагерлерінің арбауына түспеу үшін қандай амал жасау керек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балаңыз есірткі саудагерлерінің арбауына түспеу үшін қандай амал жасау керек?

12.10.2019

Есірткінің зардабын, оны оңды-солды сататын азғындарды, шекарадан өткізіп, елді улайтын қылмыскерлерді сөзбен сыбадық. Бірақ бірнәрсені түсіну керек, апиын бүгін пайда болған тажал емес, бұрыннан бар. Сарапшылар нашақор мен нашаны бүгін-ертең еңсереміз деу ертегі деп және ескертті. Қайтпек керек? Қоғамды қауіптен қорғау ғана қалады. Қазір есірткіні тамырына салып егіп есін жиятындар әлемнің 148 елінде тұрады екен. Оның ішінде 120 елдегі нашақорлар жаппай СПИД-ке шалдыққан. Бұл ақпарды бүгін өзге елде болған жайт деп айтып тұрмыз, ертең өзімізге келмесіне кім кепіл?

Айтпақшы 2016 жылдың 21 тамызы естеріңізде ме? Бізде елеусіз өткен дата шығар, ал Грузия бұл күнді ұмытпайды. 2016 жылдың 21 тамызында Самтредина қаласында марихуананы заңдастыруды қолдайтындар алаңға шықты. Заңсыз митингті тоқтатуға полиция келді. Ақырында екеуара қақтығыс болды. Жастарды алаңға айдап шыққан «Ақ қозғалыс» ұйымының есірткінің кей түрін заңдастыру туралы талабы тоқтатылды. Бірақ бұл қауіпті құбылыс. Өйткені жастар естен айыратын есірткіні қолдады. Мұндай сұмдық Қазақ жерінде орын алмауы үшін қайтпек керек? Балаңыз желі арқылы желіктіретіндердің арбауына түспеу үшін қандай амал жасау керек?

Еркін СЪЕЗҰЛЫ  


Хабарламаларға жазылу