Украина президенті Владимир Зеленский Донбасс аймағына автономия беруге әзір емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина президенті Владимир Зеленский Донбасс аймағына автономия беруге әзір емес

11.10.2019

Мұны ол бейсенбі күні журналистермен өткен кездесуде мәлімдеді. 

Украина басшысы соғыс толық тоқтамаған аймақта бейбітшілік орнатуға күш салып жатыр. Сол үшін ол жақында Донецк және Луганск облыстарының ресейшіл көтерілісшілер басып алған аудандарына арнайы мәртебе беру мәселесін көтерді. Бұл бастаманы қоғамның бір бөлігі Мәскеудің алдында тізе бүгу деп қабылдады. 

Тілшілермен өткен баспасөз маслихаты 14 сағатқа созылды. Оның соңғы сағатында Зеленский дауысын жоғалтып алмау үшін дәрігердің көмегіне жүгінген.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу