Түркия әскері Сирияның солтүстігіндегі күрд отрядтарын шабуылдап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия әскері Сирияның солтүстігіндегі күрд отрядтарын шабуылдап жатыр

11.10.2019

Соңғы мәліметке қарағанда, осы операция басталғалы 64 мыңдай бейбіт тұрғын үйлерін тастап кеткен. Мұны Халықаралық құтқару комитеті хабарлады. Ал, Түркия қорғаныс министрлігі күрдтердің 228 содыры жойылғанын мәлімдеді. 

Анкара бұл науқанға мыңдаған жауынгер, артиллерия, танкілер мен әскери ұшақтар жұмылдырып жатыр. Соғыс Рас әл-Айн, Дарбазия, Кобани қалалары маңында жүріп жатыр. Ал, қарсы жақ Түркияның шекаралас қалаларына снаряд жіберіп, алты адамды опат қылды. Құрбандардың арасында кішкентай балалар бар. 

Президент Реджеп Тайып Ердоған араб республикасының солтүстігін қарулы топтардан босатып, ол территорияға Түркиядан миллиондаған босқынды қайтармақ. Және де түрік армиясы мен Сирияның оппозия күштері бұл өңірден күрдтерді аластатқысы келеді. 

Болжамдарға қарағанда, операция нәтижесінде аймақтағы жанжал тіпті өршіп, түрмелерден «Даиштың» он мыңдай мүшесі қашып кетуі мүмкін. Дегенмен, Ердоған үкіметі бұған жол бермейтінін мәлімдеп отыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу