Бүгін Арыс қаласының кіреберіс қақпасының құрылысы аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Арыс қаласының кіреберіс қақпасының құрылысы аяқталды

10.10.2019

Бүгін Арыс қаласының жаңа кіреберіс қақпасы салтанатты түрде ашылды. Нысан құрылысын Кәсіподақтар федерациясы қаржыландырған. Сыртқы пішіні мен ішкі мазмұны үйлескен қақпа — қаланың басты нышанына айналары сөзсіз. Арыстың босағасын безендіргені үшін өңір басшысы федерация өкілдеріне алғыс айтты. «Маусымдағы қайғылы оқиғадан кейін бұл — қала жұртын тек жақсылыққа бастайтын берекелі қақпа болатынына сенемін», - деді Өмірзақ Шөкеев. Ал Кәсіподақтар федерациясың төрағасы Ералы Тоғжанов облыс әкімін «Үздік әлеуметтік әріптес» төсбелгісімен марапаттады.

«Арыстағы апат кезінде 50 мың халықты қауіпсіз жерге көшіріп, қирап қалған қаланы аяққа тұрғызып, сын сағатта сабырлық пен ерен еңбектің үлгісін көрсеткеніңіз үшін, абыройыңыз асқақтай берсін», - деді Кәсіподақтар федерациясың төрағасы.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу