Жеке пәтер иелері кооперативтерінің орнына меншік иелерінің бірлестігі құрылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жеке пәтер иелері кооперативтерінің орнына меншік иелерінің бірлестігі құрылады

10.10.2019

Жеке пәтер иелері кооперативтерінің орнына меншік иелерінің бірлестігі құрылады. Тиісті құжатты бүгін Сенат депуаттары қарады. Енді әр көп қабатты үйді басқарудың жаңа тәсілі болмақ. Меншік иелері бірлестігі өздерінің ағымдағы және жинаушы есепшотын ашады. Бұл ашықтықты, яғни қаржының тиімді жұмсалуын қамтамасыз етеді. Заң жобасымен кондоминиум нысандарына жүргізілетін күрделі жөндеуді қаржыландырудың жаңа тетіктерін енгізу қарастырылған. Осы заң жобасы қабылданғаннан кейін жеке пәтер иелері кооперативтері үш жылға дейін жұмыс істей алады.

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі:

Мысалы, сіздің жеке үйіңіз көпқабатты болса да, жеке үй болса да, әкім қазір жөндейін десе, тергеу органдары айтады, «Ол жеке меншік үйінде шаруаң қанша?», «Не себептен сен бюджеттің ақшасын үйге салып отырсың?» Ондай құқығы жоқ. Қазір, мына заңмен біз оларға құқық беріп отырмыз да...

Индира БЕГАЙДАР


Хабарламаларға жазылу