Қазақстанның туристік әлеуеті артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның туристік әлеуеті артады

10.10.2019

Қазақстан әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 туристік бағыттың қатарына қосылуды көздейді. Ол үшін алдағы 5 жылда туризм саласын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданып, 4 миллиард теңге бөлінді. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин қалалық туризм бойынша жаһандық саммитінде айтты. 

Премьер-министрдің сөзінше, осы қаражаттың 70 пайызы жеке инвестициядан келеді. Осындай шаралардың арқасында шетелдік туристер ағымы үш есе артып, 9 миллионнан аспақ. Ал халықаралық жиынға әлемнің 80 елінен 1400 қатысушы келді. Басқосуда «ақылды қалаларды» дамыту арқылы қаланың өзекті мәселелерін шешу, тұрақты даму, инновациялар мен технологиялар тақырыптары талқыланды. Жаһандық саммит жылына бір рет ұйымдастырылып отырады. Бұған дейін ол Стамбул, Мәскеу, Барселона, Люксор қалаларында өткен.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:

Бүгінде жаһандық жалпы ішкі өнімнің 10%-ы, жұмыс орындарының 10%-ы және барлық индустрияның 5%-ы туризм саласына байланысты. Ал Қазақстанның туристік секторы соңғы 10 жылда орта есеппен 7%-ға өсті. Туризм - біздің әртараптандыруымыздың маңызды факторларының бірі. Нұр-Сұлтан қаласын туризмді дамытудағы негізгі қала ретінде бекіткіміз келеді.

Фариза Мұсақызы

Хабарламаларға жазылу