Қазақстан мен Ресей хоккейшілері ойын кезінде жаппай төбелесіп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Ресей хоккейшілері ойын кезінде жаппай төбелесіп кетті

09.10.2019

Мұздағы төбелес. Жастар хоккей лигасының кезекті ойынында көрермендер жаппай жұдырықтасудың куәсі болды. Өскемендік «Алтай» мен Новосибирсктің «Сибирские снайперы» командаларының ойыншылары кездесудің соңына қарай бір-бірін жұдырықпен төмпештей түскен. Мұздағы жанжалды ресейлік клубтың ойыншысы Никита Ефремов бастаған. Кейін қос ұжымның спортшылары қостай кеткен. Нәтижесінде өскемендік хоккейшілер 124, ал қонақ команданың ойыншылары 134 айып минутын алған.

Жалпы ойын 3:1 есебімен өскемендік команданың пайдасына аяқталды. Енді бұл ұжымдардың келесі кездесуі 9 желтоқсан күнге жоспарланған.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу