Сирияның солтүстігі күрд отрядынан азат етілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сирияның солтүстігі күрд отрядынан азат етілмек

09.10.2019

Түрік жауынгерлері мен Сирия Азат Армиясы оппозициялық күштері Сирияның солтүстігіне аз уақыттан соң енеді. Мұны бүгін президент Реджеп Тайып Ердоғанның байланыс қызметінің директоры Фахреттин Алтун мәлімдеді. 

Өткен тәулікте Сирия жаққа Түркиядан әскери техника мен сарбаздар аттанды. Олар Араб Республикасының теріскейін күрд отрядтарынан тазартып, бұл аймақта Түркияға қашқан миллиондаған босқынды қоныстандыратын жер босатуы керек. 

Осыдан бірер күн бұрын Сирияның солтүстігінен Америка әскері әкетілді. Сол үшін қазір президент Дональд Трамп АҚШ-тың одақтастары – күрдтерді сатып кетті деп айыпталып отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу