Батыс Қазақстан облысында 200 гектар тоғай өртеніп, саяжайдағы үйлерді де өрт шалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында 200 гектар тоғай өртеніп, саяжайдағы үйлерді де өрт шалды

08.10.2019

Батыс Қазақстанда 200 гектардан астам тоғай алқабы өртеніп кетті. Әсіресе, қаламен іргелес «Жайық» саяжайында 31 үй мен қоражай отқа оранды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Үйлердің дені иесіз, қараусыз қалған. Екі күнге созылған өрт аумағы Орал қаласының іргесіндегі Желаев кентінің саяжайлары мен Теректі ауданының Әйтиев, Бәйтерек ауданының Озерное, Шолпан ауылдарын қамтыды. 11 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қазір шығын есептеліп жатыр. Бұан саяжай қожайындарының мүлкін қараусыз тастап кетуі қолбайлау болып тұр. Өрттің себебі де анықталуда.  

Жасұлан Жұмашев, Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:

Шамамен, біз теміржолдан деп ойлап отырмыз. Теректі ауданының Әйтиев ауылының қасындағы, сосын Желаев қасында да теміржолдың бер жағынан шыққан. Аңшылар, балықшылардан да болады ол. Оның біз анығына жетеміз.

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу