Елбасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреевті қабылдады. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа 15 қазанда Бакуде өтетін Түркі Кеңесінің 7-ші Саммитіне дайындық туралы ақпарат берілді. Кеңестің Бас хатшысы түркі әлемі елдерінің басшыларымен кездесіп, алдағы жиынның жай-жапсарын талқылағанын айтты.
Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ