Қазақстан биылғы жылды экономикалық өсіммен аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан биылғы жылды экономикалық өсіммен аяқтады

20.12.2016
Бүгін Үкімет мүшелеріне 2016 жылдың 11 айы бойынша есеп берген Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев осылай деді. Оның айтуынша, қаржылық ахуалды жақсартуға негізгі үш сала әсер еткен. Ол - құрылыс. Мұндағы өсім - 7,5%. Екіншісі - ауыл шаруашылығы. Саладағы көрсеткіш 4,5% - ға жақсарған. Соңғысы көлік құрастыру. 3,8% -ға көбейді. Нәтижесінде, биыл елдегі ЖІӨ – 0,8% құрады. Бұл Үкімет жоспарлаған межеден 0,2% -ға артық.

Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу