Солтүстікте сояның шығымы жақсы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстікте сояның шығымы жақсы

08.10.2019

Биыл теріскейде «Солтүстіктің соясы» пилоттық жобасы аясында 20 мың гектар алқапқа майлы дақыл егілді. Жалпы алғанда өңірде майлы дақылдар алқабы 1 миллион гектарға жетті. Қазіргі күні шаруалар басым бөлігін орып үлгерді. Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барған Ауылшаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров егістік алқаптарды аралап, орақ барысымен танысты. Әсіресе ауылшаруашылығы министрлігі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің бірлескен жобасы- сояны ору жұмыстарын бақылады. Шығымдылық жоғары, орташа есеппен гектарынан 15-17 центнерден алынып жатыр. Ал ең жоғарғы көрсеткіш гектарынан 20 центнер. Дақылдың бұл түрін өсіретін шаруашылықтарға қазір қолдау жақсы. Диқанның тұқым сатып алуға жұмсаған қаржысының 50 пайызына мемлекеттен субсидия бөлінеді. 

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары: 

Сояға сұраныс жоғары екенін бәріміз де білеміз. Мысалға Қытайдың өзі ғана жылына 90 миллион тонна соя тұтынады. Сондықтан біз осы дақылға басымдық беріп, алқаптарды ұлғайтуымыз керек. Қазіргі күні Қазқстан бойынша 125 мың гектарға ғана соя егіледі, оның 86 пайызы Алматы облысында. Сондықтан біз алдағы уақытта алқаптарды 1 миллионға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін диқандарға мемлекеттен қолдау көрсетіледі. 

Сағындық СӘБИТҰЛЫ











Хабарламаларға жазылу