Сириядағы Америка жауынгерлері Анкараның әскери әрекетінен зардап шеккен жағдайда АҚШ президенті осындай қадамға бармақ. «Мұны бұрын мәлімдегенмін, қазір тағы қайталаймын...», - дейді Трамп.
Айта кетсек, өткен тәулікте Ердоған Сирияның солтүстігіндегі күрдтерге қарсы әскери операция жүргізетінін мәлімдеді. Ал, сол күрд отрядтары «Даишпен» соғыста Құрама Штаттардың одақтасы болды.
Ердоған көрші елдің теріскейінде қауіпсіздік аймағын құрып, оған Түркияға қашқан 3 миллионнан астам сириялық босқынды шоғырландырмақ.
Қазір Сирияда Пентагонның бір мыңдай сарбазы мен офицері қызмет етіп жатыр. Олар араб республикасының солтүстігінен Түркия армиясы әскери операцияға әзірленіп жатқанда әкетілетін болды. Бұл шешімді күрдтер Вашингтон тарапынан жасалған сатқындық деп қабылдап отыр.
Арыстан РЫСБЕК