Ол өткен аптада орынбасары мен департаментке қарасты басқарма бастығының жемқорлық дерегі бойынша күдікке ілінуіне байланысты жұмыстан кету туралы өтініш білдірген. Естеріңізге салайық, 4-қазанда департамент бастығының орынбасары Асан Сәдуов пен қаржылық қамтамасыз ету басқармасының бастығы Сәуле Жұмалина ұсталған еді. Оларға қылмыстық кодекстің 189 бабының 3 тармағы, яғни сенiп тапсырылған мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу бойынша айып тағылуда. Лауазымды тұлғалар жемқорлық әрекеттерін бір жыл бойы жүзеге асырып келген. Берік Біләлов Ақмола облысы полиция департаменті бастығы қызметіне биыл сәуір айында тағайындалған болатын.
Ермек ЕЛБЕРГЕН