Елордада еліміздің ең үздік жас ақындары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада еліміздің ең үздік жас ақындары анықталды

07.10.2019

Елордада еліміздің ең үздік жас ақындары анықталды. Биылғы жастар жылына орай «Біз жастарға сенеміз» тақырыбымен өткен сайысқа барлық аймақтардан 140-тан астам жас өрен қатысуға ниет білдірген. Олардың арасынан жалынды жырларымен, айшықты өлеңдерімен ерекшеленген жас өнер иелері арнайы марапатқа ие болды.

Жас ақындар байқауы осымен үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді. Осы уақыт аралығында оған мыңнан астам адам қатысып, өз бағын сынаған. Ұйымдастырушылардың сөзінше бұл жас дарындардың өз шеберлігін көрсетуге мүмкіндік беретін бірден-бір алаң.

Талғат Рахманберді, Қалалық қоғамдық даму істері басқармасының басшысы:

Іс-шараның мақсаты бұл жастар жылында осындай жас таланттарды қолдау. Жастарымыздың бойындағы патриоттық рухты, елге-жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Және бұл рухани жаңғыру бағдараламасының да мәселелерін талқылап өтеді бұл шара.

Биылғы мүшәйра нақты тақырыппен шектелмей, жастарға еркін көсілуіне мүмкіндік берді. Қазылар алқасы: «Ұйқасын ғана ұқсатып қоймай, өлеңі арқылы үлкен ой көтерген сөз шеберлеріне жоғары баға бердік»,- дейді.

Несіпбек Айтұлы, ақын, қазылар алқасының төрағасы:

Бүгінгі күннің тынысын жастар бере алды деп ойлаймын мен. Өйткені жстардың өмірге көзқарасы, әсіресе тәуелсіздікке, мынау елдің бірлігіне, тұтастыққа, сосын мына елдің болашағына деген сенімі зор.

Мүшәйраның қорытындысы бойынша үздік 10 ақын ақтық сынға өтіп, қаржылай сый-сияпатқа ие болды. Ал қаламды серік еткен 30 жас дарынның шығармалары жинақталып, арнайы кітапқа басылмақ.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ 


Хабарламаларға жазылу