Мемлекет басшысы Ереванда Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Ереванда Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесті

06.10.2019

Ереванда да бірнеше жиын өткен, ондағы кездесулер дегенде мемлекеттердің басшыларының селфилері – өздерін өздері суретке түсіріп жүктегендері кәдімгідей назар аудартты. Консерваторды күлімсіретіп, либералмен бір кадрда бас түйістіретін құдіреті күшті цифрлық заман. Міне, мына фотолар...

 Еуразиялық экономикалық одақтың кезекті САММИТ-де ортақ қаржы нарығын қалыптастыру туралы концепцияны бекіткендерін кейін Беларусь басшысы А.Лукашенко хабарлады. Оның бір ұшы ортақ валютаға барып тірелетіні белгілі. Ресей жақта дүркін-дүркін сондай мәлімдеме жасалғанда Қазақстанның жоғары атқарушы билігі «жоқ, бұл олардың пайымы, бізде ондай жоспар жоқ» деп комментарий жасап қояды, әйтеуір...

 Айтпақшы, Алексндр Лукашенко Қасым-Жомарт Тоқаевпен жеке сөйлескенінде Беларусьтың ірі компанияларына Қазақстанның капитал құюына ұсыныс айтқанын Беларусь ақпарат құралдары жариялаған. Қазақстандық ірі бизнесті шақырса керек... Тағы бір штрих - Беларусь басшысы Ереванға барар алдында журналистерге берген интервьюінде жақсы қарым-қатынас үшін адамдардың арасында «химия» жүруі керектігін айтып, Тоқаевпен арада ондай байланыстың барына меңзеген.

Хабарлайтын тағы бір жаңалық - ТАСС агенттігі Ресей Федерация кеңесінің төрайымы Валентина Матвиенконың Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу мүмкіндігін қарастырып жатыр дегенін жариялады.

Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу