Геннадий Головкин IBF және IBO тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы атанды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Геннадий Головкин IBF және IBO тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)

06.10.2019
Геннадий Головкин IBF және IBO тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы атанды (ВИДЕО)


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин украиналық қарсыласы Сергей Деревянченконы жеңіп, IBF және IBO тұжырымдары бойынша Әлем чемпионы атанды.

Нью-Йорктің Madison Square Garden алаңында жекпе-жек он екі раундқа созылды. Тартысты өткен кездесуде қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске  жетті. Осылайша, отандасымыз мансабындағы 40-шы жеңісіне қол жеткізді. 


Аталмыш бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы Әли Ахмедов америкалық қарсыласы Эндрю Эрнандесты 44 секундта ұтты. 

Естеріңізге сала кетейік, бұл Головкиннің DAZN стримингтік сервисімен жасасқан келісім-шарты аясындағы екінші кездесуі. Алғашқы жекпе-жекте отандасымыз канадалақы қарсыласы Стив Роллстан басым түскен болатын.

Хабарламаларға жазылу