Иракта наразылық акциясындағы қақтығыстан қаза тапқандар саны 46-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иракта наразылық акциясындағы қақтығыстан қаза тапқандар саны 46-ға жетті

04.10.2019

Ирактағы жағдай ушығып барады. Соңғы мәліметке қарағанда, үкіметке қарсы шерулер кезінде қаза тапқандар саны 46 адамға жетті. Тағы жүздеген демонстрант жараланған.

Бағдад, Насирия қалаларында коменданттық сағат жарияланды. Сонымен қатар елдің айтарлықтай бөлігінде интернет тоқтатылған.

 Қауіпсіздік күштері қоғамды дендеген коррупцияға, жұмыссыздыққа, жарық пен ауыз судың нашар берілуіне қарсылық білдірген жастарды тарату үшін оқ атып жатыр.

Бұған ашынған шерушілер үкіметтің отставкаға кетуін талап етті.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу