Шымкентте жолдар сапасыз салынған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте жолдар сапасыз салынған

04.10.2019

Шымкент қаласындағы қайта жөнделіп жатқан көшелердің құрылысынан 128 ақау анықталған. Тексеріс барысында 10 мың 700 шаршы метр жерге асфальт талапқа сай төселмегені белгілі болды. Мердігерлер нормативті көрсетілген 10 сантиметрдің орнына төсеніштің қалыңдығын барынша жұқартуға тырысқан. Бірақтар жерлерде су жүйелерінің есептеу құралдары орнатылған темір қобдишалар мен электр бағаналары, газ құбырлары аяқ жолдардың үстінде қалып қойған. Құрылысшылар жоспарда көрсетілгенімен олардың орнын ауыстырмай кеткен. Сондай-ақ тағы бір кемшілік, 122 бордюр мен 12 су ағатын науалар да дұрыс орнатылмаған боп шықты. Көшелердің құрылысының сапасын бақылау мақсатындағы рейдтік тексерулер кыркүйек айынан бері ұйымдастырылып келеді. Оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменті және «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі бастамашы болды.  

Сәкен Әлімов, Шымкент қаласы «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкері:

Осы кемшіліктер бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент, орталықпен хат жолданады. Кемшіліктер жойылмай бұл жолдар қабылданбайды. 

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу