Түркістанда өрт сөндірушілер марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда өрт сөндірушілер марапатталды

04.10.2019

Президент Жарлығымен түркістандық өрт сөндірушілер мен тәртіп сақшылары марапатталды.. Мемлекеттік наградаларды  Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев табыс етті. "Ерлігі үшін" медалі 4 өрт сөндіруші мен полиция қызметкеріне: Бағдаулет Әлімқұлов, Құралбек Жұмабаев, Рүстем Сейдахметов, Бағлан Убайдиллаев және полиция майоры Қанат Рақышевқа берілді. Сонымен қатар «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалі полиция подполковнигі Ермек Үсербаев пен Қайрат Әлекешевтің кеудесіне тағылды. Ал, өрт кезінде денесінің 30 пайызын күйік шалған азаматтық қорғау подполковнигі Бақытжан Әбдіғаппаровқа екінші дәрежелі «Айбын» ордені берілді. Естеріңізге сала кетейік, 10 қыркүйекте Түркістандағы Royal Grand қонақ үйінде өрт шығып, газ цистернасы жарылған болатын. Апат кезінде 11 қызметкер жараланған еді. 

Құралбек Жұмабаев, облыстық ТЖД бөлім басшысы, азаматтық қорғау капитаны:

Менің орнымда басқа бір осы қызметте істейтін адам болса да осылай істер еді деп ойлаймын. Сол үшін «Ерлігі үшін» марапат беріп жатыр. Осылай бізді ерлігімізді бағалап, ҚР Президентіне рахмет айтамыз. Орден алған қызметтестерімді осылай құттықтаймын.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ


Хабарламаларға жазылу