Эквадор президенті Ленин Морено елде төтенше жағдай жариялады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эквадор президенті Ленин Морено елде төтенше жағдай жариялады

04.10.2019

Оған үкіметке қарсы шерулердің ушығып, қақтығыстарға ұласуы себепші. Бұл акцияға такси, автобус, жүк машиналарының жүргізушілері қатысып жатыр. Оларға студенттер мен үндістердің топтары да қосылды. Шерушілер жолдарды бөгеп, полицейлерге қарсылық көрсетіп, дөңгелектерді өртеді.

Демонстранттар биліктің жанармайды субсидиялауды тоқтатуына наразылық білдіріп жатыр. Олардың пікірінше, бұл шара бензин бағасын өсіріп, қымбатшылықты күшейтеді. Алайда, министрлер кабинетінің мәлімдеуінше, энергетикалық отын құнын мемлекет есебінен төмендету экономикаға үлкен салмақ түсіріп отыр. 

17 миллион тұрғыны бар Эквадор қазір үлкен дағдарысты бастан кешіп жатыр. Ол жақында Халықаралық валюта қорынан 4 миллиард доллардан астам несие алуға мәжбүр болды.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу