2022 жылға қарай отандық тауарлардың экспорты 1,5 есеге артады. Бұл туралы бүгін Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты. Оның сөзінше, шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің әлеуетін әлдендіру бойынша бірқатар маңызды қадамдар жасалған. Яғни мемлекет кәсіпкерлердің тауарларын сыртқы нарыққа шығару үшін жеңілдікпен несие беріп, қаржылай қолдайды және көлік шығындарын өтеп береді. Бұл – экспорттаушы бизнеске үлкен демеу болмақ. Сондай-ақ арнайы жол картасы да бекітілген. Құжат - отандық тауар өндірушілер мен экспорттаушылардың өз өнімдерін сыртқы нарықтарға шығарғанда тап болатын кедергілердің алдын алмақ. Нәтижесінде, Қазақстан тауарының экспорты 2025 жылға қарай 2 есеге артпақ.
Қайрат Төребаев, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:
Біздің алдымызда Президентпен өте маңызды талап қойылып жатыр. Бұл экспортты ары қарай дамыту. Қазіргі кезде өңіраралық ынтымақтастық және шекара маңындағы ынтымақтастықты біз әрмен қарай жақсартып жатырмыз.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ