Киевте ұлтшылдар шеруі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киевте ұлтшылдар шеруі өтті

03.10.2019

Киевтің орталығына мыңдаған адам жиналып, үкіметтің Донбасста бейбітшілік орнату жоспарына қарсылық білдірді. Бұл құжат «Штайнмайер формуласы» деп аталады. Оған сәйкес Луганкс және Донецк облыстарының ресейшіл көтерілісшілер басып алған аудандарында сайлау өтіп, одан кейін бұл территорияларға арнайы мәртебе беріледі.

Демонстранттардың сөзінше, осы жоспардың нәтижесінде Украина екі облыстан айрылып қалуы мүмкін. Өйткені сайлау өтсе, Донбасс тұрғындары ресейшіл кандидаттарға дауыс беруі ғажап емес. Президент Владимир Зеленский болса, сайлаудың Украина заңдарына сәйкес және аймақтан атыс тоқтағанда ғана ұйымдастырылатынын мәлімдеп отыр. 

Украианың шығысындағы соғыс 2014 жылы басталды. Содан бері онда 13 мыңнан астам адам қаза тауып, бір миллиондай тұрғын үйлерін тастап кетті.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу