Мемлекет басшысы Беларусь Президенті А.Лукашенкомен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Беларусь Президенті А.Лукашенкомен кездесті

02.10.2019

Мемлекет басшысы Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес аясында өткен кездесу барысында президенттер екі ел арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Сауда-экономикалық қатынастар мен халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылға баса мән берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенконың алдағы Қазақстанға жоспарланған сапарының маңыздылығына тоқталды. Өз кезегінде Беларусь Президенті Қазақстанға сапары екіжақты ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің бастауы болатынын атап өтті.

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу