Президент Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновты қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновты қабылдады

02.10.2019

Президент Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Мемлекет басшысына әлеуметтік әлсіз топтарды қолдау мақсатында ашылған «Жанұя» орталығының жұмысы, енді салынатын иппотерапия және екі бірдей оңалту орталығы жайлы баяндалды. Үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтуға байланысты тапсырманың орындалу барысы жайында есеп берілді. Әсіресе аз қамтылған отбасылар мен жұмыс істейтін жастарға баспана беруге баса назар аударылды. Елорда әкімі үлескерлік проблемалы құрылыстар жайы, қала шетіндегі ауыл-аймақтарды дамыту мәселесі алдағы 3 жылдық бюджетте қарастырылғанын атап өтіп, қаланы газбен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы жеткізді. Алтай Көлгінов шаруашылықпен қатар мегаполистің мәдени өмірі бойынша да жоспарлармен бөлісті. Нұр-Сұлтан қаласында Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Абай әлемі» орталығы бой көтереді. Сонымен қатар Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин және Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойларына байланысты қоладан құйылған «Үш арыс» ескерткіші орнатылады. Мемлекет басшысы қаланы одан әрі дамыту бойынша бірқатар нақты тапсыр берді.

Президент Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады. Мемлекет басшысына әлеуметтік әлсіз топтарды қолдау мақсатында ашылған «Жанұя» орталығының жұмысы, енді салынатын иппотерапия және екі бірдей оңалту орталығы жайлы баяндалды. Үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтуға байланысты тапсырманың орындалу барысы жайында есеп берілді.  Әсіресе аз қамтылған отбасылар мен жұмыс істейтін жастарға баспана беруге баса назар аударылды.  

Елорда әкімі үлескерлік проблемалы құрылыстар жайы, қала шетіндегі ауыл-аймақтарды дамыту мәселесі алдағы 3 жылдық бюджетте қарастырылғанын атап өтіп, қаланы газбен қамту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы жеткізді. Алтай Көлгінов шаруашылықпен қатар мегаполистің мәдени өмірі бойынша да жоспарлармен бөлісті. Нұр-Сұлтан қаласында Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай «Абай әлемі» орталығы бой көтереді. Сонымен қатар Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин және Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдық мерейтойларына байланысты қоладан құйылған «Үш арыс» ескерткіші орнатылады. Мемлекет басшысы қаланы одан әрі дамыту бойынша бірқатар нақты тапсыр берді. 






Хабарламаларға жазылу