Түркістандық қариялар бильярд пен шахматтан сынға түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістандық қариялар бильярд пен шахматтан сынға түсті

02.10.2019

Бұл - Халықаралық қарттар күніне орай ұйымдастырылатын дәстүрлі турнир. Оған өңірдің барлық аудан-қаласынан 90-ға жуық ардагер келген. 

Ептілікті, асқан дәлдікті, қырағылықты талап ететін тастаяқ ойынынан мықтыны анықтау ұзаққа созылды. Себебі спорттың бұл түріне қариялар тас-түйін дайын келген. Үздікті анықтау үшін бірнеше айналым ұйымдастыруға тура келді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, түркістандық ардагерлер республикалық сайыстардан да жүлдесіз қайтқан емес. «Әсіресе, 75 жасқа дейінгілер арасында жеңімпаздар көп»,-дейді.

Құрбан Нұрымбетов, Төле би ауданынан келген ардагер:

Спорт жас келгенде өте пайдалы, аяқ-қолға. Сондықтан қатысушылардың бәріне сәттілік тілеймін. 

Хабарламаларға жазылу