Дональд Трамп Барлау комитетінің төрағасын мемлекетке опасыздық жасады деп айыптады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дональд Трамп Барлау комитетінің төрағасын мемлекетке опасыздық жасады деп айыптады

01.10.2019

АҚШ президенті Дональд Трамп өзіне импичмент аясында тергеуге жетекшілік ететін конгресмен-демократты мемлекетке сатқындық жасады деп айыптады. Және оны тұтқындауға шақырып отыр. Бұған Адам Шиффтің Конгресте сөз сөйлеп, Ақ үй басшысының Украина президенті Владимир Зеленскиймен арадағы телефон әңгімесінің қысқаша мазмұнын баяндап беруі себеп. Шиффтің өзі болса, еліне опасыздық жасады деген кінәні жоққа шығарып отыр. Жақында жарияланған стенограммаға жүгінсек, Зеленскиймен кездесуде Трамп келесі жылы өтетін президенттік сайлаудағы басты қарсыласы болуы мүмкін Джо Байден мен оның ұлының Украинадағы істерін тергеуді сұраған. Осы жайт мәлім болғаннан кейін Конгресте президентті отставкаға жіберу мақсатында импичмент процесі басталды.

Арыстан РЫСБЕК


Хабарламаларға жазылу