Семейде бір отбасының алты баласы анасынан айырылып, көмекке мұқтаж - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Семейде бір отбасының алты баласы анасынан айырылып, көмекке мұқтаж

01.10.2019

Семейде ата-ана қамқорлығынсыз қалған бір отбасының алты баласына қайырымды жандардың көмегі қажет. Осы күнге дейін жағдайлары ауыр болса да, алаңсыз өмір сүріп келген ағайындылардың анасы үш ай бұрын кенеттен өмірден озған. Оның үстіне Ертаевтар отбасындағы 6 баланың үшеуі туғаннан мүмкіндігі шектеулі. Қазір ағайындылар саяжайдағы жалдамалы пәтерді күнелтуге мәжбүр.

Алты ағайындының аналары өмірден озғалы үш ай ғана өткен. Бұрын барын беріп бағып-қақан қамқоршымыз барда қиындық көмеген едік деп көз жастары көл болады. Үйдің үлкені Жадыра 28 жаста. Алайда туа бітті арбаға таңылған оның өзіне ерекше күтім керек. Одан бөлек отбасындағы 11 жасар Нұрсезім мен ең кенже Санжар да туғаннан жүре алмайды.

Құралай Жантүсіпова, Семей қаласының тұрғыны:

Қазіргі таңда үш баламен өте қиын. Ең басты, өзімнің де арманың, бұлардың да арманы аяққа тұрып кетсе екен деп.

Қазір ағайындылардың екіншісі Құралай ғана жұмыс істейді. 50 мың шамасындағы жалақысы мен үлкендері Жадыраның жәрдемақысына ғана күнелтіп отыр. Науқас бауырларын емдеткісі келеді. Алайда ішіп-жеммен киімнен аспайтындықтан, ол арман болып тұр. Жақында әскерден келген Ернар үнемі бауырларын бағып-қағып жандарында отыруға мәжбүр. Қазір алты ағайынды саяжайдағы шағын пәтерді уақытша жалдап тұрып жатыр.

Құралай Жантүсіпова, Семей қаласының тұрғыны: 

Өмірі ойламаппыз, халықтан көмек сұраймыз деп. Бірақ өкінішке орай, қолымыздан келмегеннен кейін ғана. Президент мүмкін көмектеседі деген ойдамын. Және әртүрлі қайырымды адамдар бар ғой.

Қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегі басшылар ата-ананың қамқорлығынсыз қалған алты баланың жағдайын жақсы білеміз деп отыр. «Оларға заң шеңберінде берілетін жеңілдіктерді түгелдей жасап жатырмыз»,-дейді.

Айдар Самаев, Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы:

Арбалар беріледі. Бөлмелік және далаға шығатын. Үйде оқитын баласы компенсация алады. Мектепте оқитын бір баласы киіммен оқулықтармен, тағаммен қамтамасыз етілген.

Аналары өмірден өткелі отбасындағы Нұрсезім мен Санжардың жәрдемақысы да тоқтаған. Оны алу үшін кәмелетке толған Құралай қамқоршылық құқығын рәсімдеп жатыр. Алайда,ъ басында баспана жоқ болғандықтан, ондай құқыққа ие болмауы да мүмкін көрінеді. Тек үмітіміз бір айда баспана мәселесін шешіп беруге уәде еткен облыс әкімінде дейді балалар. Оның өзі нақты емес болғандықтан олар қайырымды жандардың көмегіне зәру.

Ержан ЖАҚЫП


Хабарламаларға жазылу