Елорда әкімшілігі халықаралық қарттар күні мерекесін жоғары деңгейде атап өтті. Қазына қариялардың есепшотына қаржы аударып, түрлі мерекелік бағдарламалар ұйымдастырды. Зейнеткерлер көрсетілген құрмет жайлы толығырақ тілші әңгімелейді.
Мерекелік концертті тамашалауға мыңдаған қариялар жиналды. Тағдырында талай қиындықты еңсеріп, бейнеттің зейнетін көріп отырған ата-әжелердің өмірі көпке үлгі.
Қадиша Рамазанова, зейнеткер:
37 жыл жұмыс істедім тракторда 20 жыл істедім тракторден 20 жасымда депутат областного совета болдым.
Шәкира Мұсабаева, зейнеткер:
Торғай облысынан сонда отгонный участокта істедік қойшылармен. Олардан біреуі де жоқ қазір. Мен 84 жастамын қайныағама бата қылып келдім.
Елорда әкімдігі ұйымдастырған концертте негізінен дәстүрлі өнер дәріптелді. Ән айтылып, күй тартылып ұлттық би өнері ұлықталды. Қариялар өздеріне көрсетілген құрметке разы болып, шынайы көңілдерін білдірді.
Амангелді Ахметова, зейнеткер:
Тоқаевты танымағанда қандай, өзім балам сияқты күнде тілеуін тілеп отырамын.
Ғалия Тілеуова, зейнеткер:
Біз кейде үлкен адамбыз кейбір кезде артық сөйлеп қоямыз. Өзіміздің орнымызды өзіміз білуіміз керек.
Сансызбай Есілов, қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы:
Біздің қаламызда 82 мың зейнеткер бар. Соларға 6 мың теңгеден есепшотына ақша түсті. Одан тыс басқа қоғам болып жәрдемдесіп жатыр халық.
Қала әкімшілігі қарттар күнін жылда атап өтеді. Былтыр кәсіпкерлерді ұйымдастыру арқылы тұрмысы төмен зейнеткерлерге 400 миллион теңгеге көмек көрсетіліпті. Биыл да көмекке зәру зейнеткерлер қажеттілікпен қамтылмақ.
Ербол МӘНДІБЕК