Грекия босқындарды аралдан құрлыққа көшірмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекия босқындарды аралдан құрлыққа көшірмек

30.09.2019

Грекия үкіметі аралдағы босқындар лагерін құрлыққа көшіретінін хабарлады. Билік мұндай шешімге жексенбіде «Мориа» лагерінде болған алапат өрттен кейін келген. Осылайша, бүгін алғашқы болып 250 мигрант көшірілмек.

Айта кетсек, кеше Лесбос аралында босқындар қоныс аударуды талап етіп, адамдар тұрып жатқан контейнерді өртеп жіберген. Соның салдарынан бір әйел мен бала қаза тауып, 17 адам жараланды. Өртті сөндіру бірнеше сағатқа созылған. Бұл лагерь тұрғындарының ашуын туғызып, олар өрт сөндірушілерді баяу қимылдады деп айыптап, бүлік шығарды. Жаппай тәртіпсіздікті басу үшін полицияға көз жасаурататын газ қолдануға тура келген.

3 мың адамға арналған лагерьде қазір 12 мың мигрант тұрып жатыр.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу