Президенттің Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясына қатысуына байланысты баспасөз жиыны өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің Нью-Йорктегі БҰҰ Бас ассамблеясының 74-сессиясына қатысуына байланысты баспасөз жиыны өтті

30.09.2019

Қазақстанның Біріккен ұлттар ұйымымен әріптестігі одан сайын нығая түсті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-қа жасаған сапарынан кейін осынау беделді ұйымның Қазақстандағы өкілдері өз ойларымен бөлісті. Олардың бағалауынша, қазақ елі қашанда бейбіт жолды таңдап, тұрақты дамып келеді. Адам құқықтары мен бостандығына әрі әлеуметтік ахуалына айрықша мән беріледі. Сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғаудағы бағдарламаларды жоғары бағалады. Әсіресе, бүгінгі күннің басты талабы саналатын жасыл экономиканы дамытуға деген ниетін әр уақытта қолдайтындарын жеткізді.

Норимаса Шимомура БҰҰ Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі:  

Қазақстан дамыған 30 елдің қатарына қосылуға ұмтылуда. Біз ынтымағы мықты әріптес ұйым ретінде бұл ұмтылысты қолдаймыз. Қазақстанда адамдардың өмір сүру сапасы артты. Әлеуметтік бағдарламалар көптеген елдерге үлгі боларлық. Тұрақты даму көрсеткішін көріп отырмыз.

Ербол МӘНДІБЕК


Хабарламаларға жазылу