Сот ісін цифрландыру жемісін беруде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сот ісін цифрландыру жемісін беруде

30.09.2019

Бас прокуратураның жұмысын цифрландыру бүгін өз жемісін бере бастады. Қазір қылмыс немесе құқық бұзушылық тіркелген сәттен бастап сот шешімін шығарға дейін электронды форматқа көшірілген. Болашақта жазаның орындалу мерзімі де базаға енгізіліп отырмақ. Былтырдан бастап құқық қорғау органдары тергеудің электронды форматына көшкен. Алғашында теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар, ал, биылдан бастап, ортажа дәрежедегі қылмыстарды тергеу цифрландырылды. 2021 жылдың соңына дейін қылмыстың барлық санаттары бойынша тергеуді автоматтандыру жоспарланып отыр. Бұл, қылмыскерлердің жазадан сытылып кетуін және саладағы жемқорлықтың өршуін тоқтатады.

Бағлан Бекбауов, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет төрағасының орынбасары:

Қылмыстық 1-2 түрлері өздерінің құжаттарының арасында ауысып кеткен жағдайлар да болды. Жоғалып кеткен жағдайлар да болды. Соның барлығын қазір базаға тіркей отырып, ондай сәттерге кәзір жол бермейміз. 

Жақсыбек КЕМАЛ



Хабарламаларға жазылу