Қауіпті дертке тосқауыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қауіпті дертке тосқауыл

30.09.2019

Атырауда "АИТВ инфекциясын интеграциялық бақылау және АИТВ мен өмір сүретін адамдарды емдеудің инновациялық әдістері" тақырыбында республикалық конференция өтті. Басқосуға жиналғандар, ғаламдық мәселеге айналған қауіпті дерттің таралу деңгейін қайткенде тоқтатамыз деген сұраққа жауап іздеді. Білікті мамандар бір-бірімен тәжірибе алмасу арқылы, жаңа әдістерді паш етіп, қауіпті аурумен күресудің тиімді жолдарын айтты. Негізгі мақсат, БҰҰ-ның жасақтаған 90-90-90 стратегиясына қол жеткізу. Аймақта бұл дерт инфекциясының көрсеткіші өзге облыстармен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Бүгінде 328 азамат есепке алынған. 

Бейбіт Сағынбаев, Қарағанды облыстық ЖИТС орталығының директоры:

Қазіргі заманда, өкінішке орай,қоғамда, кәдімгі жақсы жұмыс істейтін, өз басына жұмыс істейтін,жаңағы жүрістермен жүрмейтін азаматтардың арасында кездесіп жатқан жайы бар.Сол, соны БАҚ арқылы жеткізуіміз керек.Оның ұялатын ештеңесі де жоқ.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу