Мемлекетіміздің орналасқан аймағы, көршілерді ескерсек, сонымен бірге Тоқаевтың сөзімен айтқанда ғаламдық және аймақтық ойыншылар арасында бір-біріне деген сенім жоқ біздің уақытта сыртқы саясаттың маңызы бір мысқал кемімек емес. Керісінше, артпаса. Бұл — бір.
Екіншіден, Қ. Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 74-ші сессиясының Жалпы дебаттарында сөйлегенде былай да деді:
«Менің негізгі мақсатым – миллиондаған отандасымның кең ауқымды реформалардың игіліктерін, инклюзивті қоғамның, қарқынды экономиканың, жоғары сапалы білім берудің және озық денсаулық сақтаудың жемісін көруіне жағдай жасау. Қазақстан терең саяси өзгерістерді соңына дейін жүргізбейінше, өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында табысқа жете алмайды...»
Сонымен саяси реформалар туралы сөз дүниежүзілік мінберден айтылды.