Енді өз жерімізге оралайық. Жер болғанда, биылғы егінге, ораққа. Астықты өңір Қостанайдың диқандары үшін жыл ауыр болып тұр. Аптап ыстықтың кесірінен егін өте аз шықты. Салыстыру үшін айтсақ – жылда бұл аймақта 5 миллион тоннадан кем өнім жиналмайтын. Ал биыл соның жартысына да жете алмай отыр. Оған қоса Үкімет топырақты химиялық өңдеуден өткізгені үшін берілетін субсидия бойынша қостанайлық диқандарға 2 миллиард 600 миллион теңге қарыз.
Егін егетін Ерлан келер жылы мал да сатып алып, кәсібінің аясын кеңейтуді көздеген. Бірақ ойынан айнып қалды. Қып-қызыл шығынға батқан жігіттің шаруаны әрі қарай дамытуға қаржысы да, қызығушылығы да жоқ…