Қазақ тілінің термин сөздері іріктеліп, ресми түрде бір ізге түсіріледі. Алматыда өткен алқалы жиында осы мәселе кеңінен талқыланды.
Басқосуда ғалымдар терминдерді қазақ тілінің жазу нормаларына сәйкес реттеп, кейбір сәтсіз баламаларды түзету немесе өзгерту туралы ұсыныстарын айтты.
Сонымен қатар, мамандар латын әліпбиіне ауысу кезінде терминдердің дұрыс жазылуын қадағалау керектігін жеткізді. Тілді қолдану мен дамытудың 2011-2019 жылдарға арналған бағдарламасындағы басты міндет те - осы. Сондықтан алдағы уақытта қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту үшін негізгі талаптар айқындалады.
Нұрғиса Дәуешов, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі:
Бүгінгі мақсат - осы уақытқа дейін жасалған жұмыстарды, кейбір қазақ тіліне енген баламалардың қажеттілігіне байланысты қалдырып, кейбір мәселелерді қалу-қалмауын анықтау. Болашақта осы мәселелер бойынша осындай тақырыптағы семинарлар, кездесулердің көп болғаны халықпен бірге жұмыс істеп, бұқара халықпен бірге терминология мәселесін бірге шешеміз деген ойдамыз.
Нұрхан Нұрланұлы